Астанадағы жәрмеңкеде Жамбыл облысы 150 тоннадан астам өнім ұсынады

4 Қыркүйек, 2015 20:21
Астанада өтетін жәрмеңкеде сатылымға әкелінген Жамбыл облысы өнімнің жалпы көлемі 150 тоннаны құрайды, деп хабарлады астаналық әкімдіктің ресми сайты.

Айта кету керек,  қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатып ала алады.  Мысалы, сарымсақтың бір киллограмы 40 теңге, картоп 55 теңге, қарбыз 25 теңге, қант - 150 теңгеден сатылады.

Келесі аптада, 12-13 қыркүйекте елордамызда жәрмеңкеге Жамбыл облысынан бөлек, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері қатысады.

Жәрмеңке  "Мега" ОСО алдындағы алаңда дәне Тұран даңғылығындағы «Астана» саябағында өтеді.

Барлық жаңалықтар