• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Қарин: Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған сапары Қазақстан-Қытай қарым-қатынасындағы маңызды серпін

Е.Қарин: Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған сапары Қазақстан-Қытай қарым-қатынасындағы маңызды серпін

4 Қыркүйек, 2015 15:17
Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған сапары Қазақстан-Қытай қарым-қатынасындағы маңызды серпін, деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин.

«Қытайлық БАҚ Н.Назарбаевтың сапарын келісілген келісім мен жүзеге асқан келісім шарттардың жүзеге асқанына  қарап маңызды оқиғалардың бірі ретінде атап отыр. Біздің пікірімізше, шетелдік сарапшылар пікірінше, Елбасының Қытайға жасаған сапары Қазақстан-Қытай қарым-қатынасындағы маңызды серпін болып есептеледі», - деді сарапшы.

Саясаттанушы атап өткендей, Қазақстан мен Қытай көшбасшыларының кездесуі осы жыл ішінде өткен төртінші кездесу, оның қорытындысында елдер арасында 23 млрд доллардың жаңа жобалары мен келісімдер орнатылды.

«Бейжіңде жүзеге асқан келісімдер әлемдік дағдарыстың қазақстандық экономикаға әсерін бәсеңдетеді, ол алдағы дамудың драйвері болып, стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар