Алматы облысына «Достық және Ынтымақтастық» Керуені келіп жетті (Фото)

4 Қыркүйек, 2015 20:43
Панфилов ауданының «Жаркент» бақылау-өткізу пунктіне «Достық және Ынтымақтастық» «Қытай - Қазақстан: Ұлы Жібек жолының шәй мәдениеті» Керуені келіп жетті. Ресми делегацияны Алматы облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев қарсы алды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бахтияр Өнербаев өз сөзінде делегация мүшелерін Алматы өңіріне келуімен құттықтап, сапарларын сәтті жалғастыруларына тілектестігін білдірді. Келесі болып «Шәй компаниясының» президенті Ма Хенгуанг мырза мен «Халықаралық «Жаңа Жібек Жолы» экономикалық және мәдени әріптестік академиясы» ҚҚ төрағасы Ахтан Байтұрсынұлы сөз сөйледі. Шара аясында жергілікті қылқалам шеберлерінің еңбектерінен көрме ұйымдастырылып, көрермендер назарына керемет концерттік бағдарлама ұсынылды.

«Достық және Ынтымақтастық» Керуені Қытайдың Шэньси ауданының Сиянь қаласынан басталып, соңғы бірнеше жүздеген жылдан кейін әйгілі ежелгі сауда жолы саналған - Ұлы Жібек Жолымен жүріп өтті. Автокөліктер, түйелер мен керуеншілерден тұратын бұл сауда керуені тарихты еске алуды меңзеді. Сондай-ақ керуеншілер «Ежелгі жолдың сиқырлы шәйі» атап кеткен қай заманда болмасын әйгілі тауар саналатын – шәйдің көптеген түрлерін бірге ала келді.

Шараны ұйымдастыру идеясы Қазақстанның дұңғандар Ассоциациясы мен ҚХР, Сиянь «И-ЗеФуцаға» тиесілі. Халықаралық экспедицияның Қазақстан аумағындағы бас операторы болып Алматы облысының кәсіпкерлер Палатасы мен «Халықаралық «Жаңа Жібек Жолы» экономикалық және мәдени әріптестік академиясы» ҚҚ табылады. Шараны ұйымдастыруға қажетті қолдау көрсеткен Алматы және Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы.

 

Барлық жаңалықтар