А. Айымбетов бар «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі ХҒС-пен ойдағыдай түйісті

4 Қыркүйек, 2015 13:49
4 қыркүйек Мәскеу уақыты бойынша 10:39 «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасымен ойдағыдай түйісті, деп хабарлады Роскосмос.

 «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі 2 қыркүйекте Астана уақытымен 10:37-де Байқоңырдан ұшырылған болатын. Бұл, "Гагарин алаңынан" ұшырылған 500-ші, мерейтойлық ұшырылым. Халықаралық ғарыш стансасына бортында Роскосмос ғарышкері Сергей Волков,  ЕҒА астронавты Андреас Могенсен (Дания) мен Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов бар ғарыш кемесі аттанды.

«Ғарыш кемесінің жолында 1989 жылы ұшырылған жапон зымыран тасығышының фрагменті кез болған. Соқтығысуды болдырмай, траекторияны дәл анықтау және бүгінгі ХҒС-пен түйісу мүмкіндігін жасау үшін ресейлік ҰБО баллистиктері мен олардың америкалық әріптестері - НАСА мамандары бірлескен жұмысы жүргізілді», - делінген хабарламада.

Маневр Мәскеу уақыты бойынша сағат 08:40-та жүргізілді, Мәскеу уақыты бойынша сағат 11:30-11:40-та нысандарды қауіпсіз ажырату жұмыстары ұйымдастырылды. 

Барлық жаңалықтар