Ақтөбе облысында 600 орындық ауылдық мектеп ашылды

4 Қыркүйек, 2015 15:38
Жаңа оқу жылында Жаңақоныс ауылында 600 орынға арналған заманауи үлгіде салынған жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы 9259,0 шаршы метрді құрады.Әлеуметтік нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 785434,0 мың теңге бөлінген.

Мектеп құрылысын «Интеграл ХХІ» ЖШС-і жүргізген.Мектеп аумағында лабораториялық-тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге арналған жылыжай, биологиялық, географиялық және оқу-тәжірибелік алаңдар орнластырылған.

«Мектептің спорт алаңында жүгіру жолағы бар спорттық ядро, баскетбол мен волейболға арналған біріктірілген алаң салынған.Бірінші қабатта 200 орындық асхана, 2 технология кабинеті, медициналық блок, психолог пен логопед кабинеттері, АӘД кабинеті және 7 оқу бөлмелері бар», - делінген хабарламада.

Мектептің екінші қабатында әкімшілік блоктар, 648 шаршы метрді құрайтын спорт залы және қазіргі заманға сай жабдықталған биология, химия, физика кабинеттері мен 7 оқу бөлмесі бар.Үшінші қабатта 150 орындық мәжіліс залы, 2 информатика кабинеті, 50 орындық оқырман залы бар кітапхана, лингафон кабинеті мен 7 оқу бөлмелері орналасқан.




 

Барлық жаңалықтар