• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ресей және Қырғызстанмен түйіскен қазақстандық шекарада ветеринарлық бақылау бекеттері пайда болуы мүмкін

Ресей және Қырғызстанмен түйіскен қазақстандық шекарада ветеринарлық бақылау бекеттері пайда болуы мүмкін

4 Қыркүйек, 2015 12:53
Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау үшін Ресей және Қырғызстанмен түйіскен қазақстандық шекарада ветеринарлық бақылау бекеттері пайда болуы мүмкін, деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Шаңырақ» құс шаруашылығы бойынша басқарушы компанияның атқарушы директоры Максим Божко.

«Біз Ресей Федерациясы және  Қырғыз Республикасымен түйіскен қазақстандық шекарада ветеринарлық бақылаудың бекетін орнату қажет деп есептейміз, ҰКП бізді бұл істе қолдап отыр, бұл бизнес үшін қосымша кедергілер табу емес, азық-түлік өнімдерінің сапасын тексеру үшін қажет. Себебі, өнім кіріп, дүкендерге таратылған соң, оны кім жібергенін, қайдан келгенін анықтау қиын. Шекарада бірден құжаттарды тексеріп, өткізілген партия песми түрде және өнімнің ветеринарлық сертификатын бірден анықтауға болады», - деді бас директор.

Оның айтуынша, жақында РФ және Қырғызстанмен түйіскен Қазақстан шекарасында аталмыш бекеттер пайда болуы керек.

«Біз  осы сала мен өндірушілер үшін қорған болатын аталмыш пункттердің орнатылуын  күтеміз», - деді М.Божко.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар