М. Божко: Құс шаруашылығының өнімі қайта сұранысқа ие болуда

4 Қыркүйек, 2015 12:23
Құс шаруашылығының өнімі қайта сұранысқа ие болуда, деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Шаңырақ» құс шаруашылығы бойынша басқарушы компанияның атқарушы директоры Максим Божко.

«Біз бизнес өкілдері ретінде жарты жылға жақын уақыт бойы ҚР ҰКП мен Үкіметке өтініш тастап жүрміз, себебі теңге бағамы өзгеріске түскен соң біздің шығарып отырған өнім  импорттық өніммен салыстарғанда  бәсекеге қабілеттілігін жоғалтты,  оның ішінде Ресей Федерациясымен салыстырған кезде де, көптеген құс фабрикалары өнім көлемін төмендетуге мәжбүр», - деді ол.

М.Божко атап өткендей, тамыздың соңында кәсіпкерлер теңге бағамының еркін айналымына шығуын қуанышпен қабылдады.

«Біз Елбасы мен Ұлттық банкке бұл шешім үшін алғыс білдіреміз. Қазірдің өзінде біз аталмыш саясаттың оң нәтижесін көріп отырмыз, қазір біздің өнім сұранысқа ие болуда. Егер шілде айында біздің қоймаларда 10 млн жұмыртқа сатылмай тұрса, қазір 1 мың тонна етті сата алмай жүрсек, қазір ол қойма бос қалды, біз бағаны өсірмедік, барлық  өнім 2-3 апта ішінде сатып алынды. Етке қатысты да сұраныс солай жүруде», - деді бас директор.

Оның айтуынша, мұндай жағдай тек құс шаруашылығында ғана емес, Қазақстанның барлық салаларына оң әсер етуде.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар