Маңғыстау облысында мұнай-сервистік кластер жасақталады

4 Қыркүйек, 2015 12:47
Маңғыстау облысында мұнай-сервистік кластерін жасақтау бойынша жобаны жүзеге асыру басталды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

2014 жылы Маңғыстау облысын дамыту болашағы туралы жоспардың бір пункттің және ҚР Үкіметімен бекітілген 2020 жылға дейін ҚР-да болашағы зор ұлттық кластерлерді құру тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Ақтау қаласында мұнай-сервистік кластерін құру тұжырымдамасын жасақтау жұмыстары басталды.

«Сарапшылардың пайымынша, Маңғыстау облысының Каспий аймағында №1 мұнай-сервистік кластерін жасақтауға мүмкіндіктері жетерлік. Аймақтың нақты артықшылығы орналасқан географиялық жері, әлемдік компаниялардың салған жоғары инвестиция пайызы  метал өңдеу саласындағы көшбасшылар Кеппел, СайПэм мен Розетти», - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Аймақ басшысы жобалық компанияларды Қазақстан аумағында филиалдарын ашуға және бірлескен кәсіпорындар құруға міндеттеуді ұсынды. Бұл жергілікті компанияларға өндірісті құру процесіне қатысуға мүмкіндік беретін болады.

Барлық жаңалықтар