- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында балаларға арналған спорт интернат ашылды
Алматы облысында балаларға арналған спорт интернат ашылды
4 Қыркүйек, 2015 13:04
Алматы облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылында спорттағы дарынды балаларға арналған интернат ашылды, деп хабарлады өңірдің әкімдігі.
Спорт мектебіне түскен алғашқы оқушыларды Греко-рим күресі бойынша Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров құттықтады.
«Бұл ауылдық жерде ашылған ең алғашқы спорттық интернат, мекеме демеушілердің қаржысына салынды», - делінген хабарламада.
Оқу жылын спорт интернатында бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, ауыр атлетика, дзюдо мен тау шаңғысы түрлерінен 100 бала білім алуда.
Аталмыш спортшылар іріктеудің үш кезеңінен өтті. Оның ішінде Алматы облысының аудандары мен ауылдарының тумалары, Павлодар және ШҚО өкілдері де бар. Жыл сайын оқушылар мен спорт түрін көбейту жоспарлануда.
Айта кетейік, интернат базасында мамандандырылған залдар, футбол алаңы, монша, кітапхана, асхана және 250 орындық жатақхана бар.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары