• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Қарағанды облысының инновациялық жобаларында 3 мыңнан астам маман жұмыспен қамтылады (Видео)

ИИДМБ: Қарағанды облысының инновациялық жобаларында 3 мыңнан астам маман жұмыспен қамтылады (Видео)

4 Қыркүйек, 2015 11:58
2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ жүзеге асыру үшін кадрларды дайындау аясында 3 123 маман дайындалып, жұмысқа орналастырылады, деп хабарлады Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Арыстан Ғазалиев Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

«Қазіргі таңда ИИДМБ бағдарламасы үшін  Қарағанды облысы Индустрияландыру картасына енетін  93 жобамен екіжақты келісім аясында Қарағанды облысының инновациялық жобаларына 3123 маман жұмысқа орналастырылады», - деді ректор.

А.Ғазалиев атап өткендей, өткен бесжылдықта Қарағанды облысының ҮИИДМБ 80 нысанына мыңнан астам адам жұмысқа алынды.

Сондай-ақ, қарағандылық оқу мекемесінің ректоры атап өткендей, осы жылы университет 12 магистрантқа білім беруді бастады, оның ішінде ИИДМБ аясында қаржыландырылып жатқандары да бар.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар