ЕҚДБ ШҚО-да 10-нан астам жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда

4 Қыркүйек, 2015 11:43
Еуропалық қайта құру және даму банкі ШҚО-да 10-нан астам жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Аталып өткендей, Өскемен мен Семей қалаларының сумен қамту және суды бұру жүйелерін жаңғырту аясында Еуропалық қайта құру және даму банкімен алдын ала келісім жасалды.

Бөлінген 3,2 млрд теңгеге Өскеменде №30,31 кәріздік сорап станцияларына қайта құру жұмыстарын жүргізу және Жаңа Өскемен су бөгетін салу жоспарлануда.

Ал, Семей қаласында 2,4 млрд теңгеге 10 сорап станиясын жаңғырту, 17 км сумен қамтамасыз ету және 14 км суды бұру жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу,  580 жалпыүйлерге арналған есептеу құралдарын орнату жоспарналған.

Барлық жаңалықтар