• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Қырғызстан Жоғарғы сотының басшылары сот саласындағы реформа туралы ақпаратпен алмасты

Қазақстан мен Қырғызстан Жоғарғы сотының басшылары сот саласындағы реформа туралы ақпаратпен алмасты

4 Қыркүйек, 2015 10:19
Бішкекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мен Қырғыс Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Феруза Джамашева екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР Жоғарғы соты.

Шара ШЫҰ мүше елдері – жоғарғы соттары төрағаларының оныншы кеңесін өткізу барысында жүзеге асты.

«Біздің халықтарды тарихи достық пен бауырлас қарым-қатынас байланыстырады. Қазір біздің ынтымақтастық стратегиялық серіктестіктің жаңа сапалы деңгейіне шықты. Оған дәлел жақында Қырғыз Республикаксының Еуразиялық экономикалық одақ құрамына енуі.  Біздің бірлескен талыпынысымыз екі елдің одан әрі ынтымақтастығы мен достығын нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенемін», - деді Қ.Мәми.

Кездесу барысында қазақстандық тарап Елбасының  5 институционалдық реформасы аясындағы тапсырмасы  бойынша сот жүйесінің реформалануы туралы баяндады. Бұл үшбуынды сот жүйесіне өту, Астанада AIFC Халықаралық арбитражды орталықтың құрылуы, судья үміткерлеріне талаптың күшеюі, Жоғарғы сотта инвестициялық істер мен  консультативтік Халықаралық кеңес ісі бойынша мамандандырылған коллегия құру сынды өзгертулер енгізу.

Сондай-ақ, ынтымақтастық пен серіктестікті  әділдік құқығын көтеру және адам құқығы мен бостандығын қорғау саласында жалғастыру мәселелері талқыланды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар