- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ИДМ жер қойнауын пайдалану саласындағы аукционға қатысуға өтінімдер қабылдауды бастады
ҚР ИДМ жер қойнауын пайдалану саласындағы аукционға қатысуға өтінімдер қабылдауды бастады
Айта кетерлік жайт, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңына былтырғы жылдың аяғында енгізілген түзетулердің нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион аукцион түріндегі конкурс алғаш рет өткізіледі.
Бұл – потенциалды инвесторлардың арасынан жеңімпазды анықтау мәселесіндегі ашықтықты қамтамасыз ететін әлемдік тәжірибедегі механизмдердің бірі.
Жеңімпазды анықтаудың негізгі және бірден бір өлшемі қатысушылардың ішінен мөлшері ең жоғары қол қою бонусын ұсыну болып табылады. Басқа өлшемдер бәсекелік сауда-саттық өткізу туралы хабарландыруда белгіленген және барлық қатысушылар үшін бірдей. Мұның өзі мемлекетке қол қою бонус ретінде төленуі тиіс соманы ұлғайтуға мүмкіндігі бар аукционға қатысушылардан мүмкіндігінше көп қаражат алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жеңімпазды таңдаудың барынша ашық жүргізілуін қамтамасыз етеді.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңында аукционды өткізу мерзімі мен кезеңдері қатаң түрде шектелген, яғни мұның өзі объективті себептерсіз өлшемдер бәсекелік сауда-саттық өткізу қорытындысын ұзаққа созуға мүмкіндік бермейді. Аукционға шығарылатын қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауы учаскелерінің (көп таралған пайдалы қазбалар, көмір мен уранды қоспағанда) тізбесі Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2015 ж. № 724 бұйрығымен бекітілген.
Осы тізбе олар бойынша былтыр конкурс өткізілмеген объектілер және ықтимал жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері бойынша объектілерден қалыптастырылды.
Барлығы 100 объект бекітілді, оның ішінде 27-сі өндіру және 73-і барлау, оның ішінде: 46-сы - алтынға, 5-і – өндіру және 41-і - барлау; 22-сі түсті металдарға, 8-і өндіру және 14-і барлау; 3-і қара металдарға, барлығы да барлау; 10-ы сирек кездесетін металдарға, 5-і өндіру және 5-і барлау; 10-ы кен емес шикізатқа, 6-ы өндіру және 4-і барлау; 1-і алмасты барлауға; 2-і бокситті барлауға; 4-і жерасты сулары бойынша, 2-і өндіру және 2-і барлау; 2-і айшықты тастар барлау.
Аукционды өткізу, сондай-ақ оны өткізудің негізгі талаптары туралы хабарлама министрліктің ресми сайтында жарияланған.
«Аукционға қатысуға өтінімдер беру мерзімі: 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2015 жылғы 1 қазанға дейін. Аукционның қорытындысын шығару 2015 жылғы 3 желтоқсанға белгіленген», - делінген хабарламада.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі