• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Байбек «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды

Б.Байбек «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды

4 Қыркүйек, 2015 09:32
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс өткен XVII конференциясында Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды, деп қалалық әкімдіктен хабарлады.

Сонымен қатар, шара барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов партияның Саяси кеңесі Бюросының шешімімен қала әкімін «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Асқар Мырзахметов Б.Байбекке Партия төрағасы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «нұротандықтар» алдына қойған міндеттерді жүзеге асыруда партияның Алматы қалалық филиалын ерекше бағалайтындығын жеткізді.

«Партияның жұмысы бастауыш партия ұйымдары мен өңірлердегі қоғамдық қабылдаулар арқылы күшейетін болады. Біз азаматтарды толғандырған мәселелерге терең бойлау үшін олардың өтініштерін жете зерттейміз», - деді А.Мырзахметов.

Алматы қаласының әкімі, партияның Алматы қалалық филиалының басшысы Бауыржан Байбек өзінің сөзінде қалалық филиалдың бұрынғы төрағасы Ахметжан Есімовке атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді және оның кезінде үлкен істердің орындалғандығын атап өтті. Б.Байбек Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалды реформасын жүзеге асыруда қала басшылығы мен партия активінің алдында тұрған негізі міндеттерді айқындап берді.

Қала басшысы тұрғындармен тығыз байланыс жасауды, бұқараның жергілікті атқарушы билік пен партияның қалалық филиалына деген сенімін нығайтуды, партиялық мониторингтің жаңа әдістерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мен бюджеттік қаржының тиімді игерілуін бақылаудың жаңа әдістерін ұйымдастыруды қадап тұрып айтты.

Барлық жаңалықтар