• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан құрамасы Каратэ-до шотоканнан өткен Әлем чемпионатында 17 алтынды ұтып алды

Қазақстан құрамасы Каратэ-до шотоканнан өткен Әлем чемпионатында 17 алтынды ұтып алды

4 Қыркүйек, 2015 09:13
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тамыздың 28 мен 30 аралығында Йоханнесбургте өткен каратэ-до шотоканнан XVII Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады ҚР МСМ.

Ел құрамасына бірнеше жас категориясындағы спортшылар енген болатын. Үш күндікдік жарыс қорытындылары бойынша олар 17 алтын, 9 күміс, 2 қола медальға ие болды. 

Қайсар Қуаныш (9 жас), Сержан Жаңбыршин(9 жас) және Данил Заикадан (11 жас) тұратын жасөспірім спортшылар үштігі ерекше жетістікке қол жеткізді. Олар Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкадан келген қарсыластарымен 9 жекпе-жекте бірде-бір жеңіліске ұшырамай, топтық кумитеде алтын жүлде иеленді. «Топтық ката» квалификациясында қазақстандық балалар қола медаль алды.

Сонымен қатар Әлем чемпионаты Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары және өткен жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері Белла Сумашева мен Еркежан Мұтәліп үшін сәтті аяқталды. Олардың әрқайсысы ел қоржынына 3 алтын медальдан салды.

 

Барлық жаңалықтар