- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды көмір бассейнінен метан газының бірінші ағыны алынды
Қарағанды көмір бассейнінен метан газының бірінші ағыны алынды
Бүгінгі күні бірінші бұрғыланған ұңғыма игерілуде, онда дебитті қарқындату кезінде метан газының алғашқы ағыны алынды. Барлығы 7 ұңғыманы бұрғылау жоспарланған, 3-уі геологиялық кернді іріктеуге арналған және 4-уі тәжірибелік-өнеркәсіптік, олар бойынша бұрғылау басталып та кеткен. Бұрғылау процесінде қарқындату мен бұрғылаудың әртүрлі әдістері қолданылады, оның ішінде өнімді көмір қабаттарының құрылысы туралы неғұрлым толық геологиялық ақпарат алу үшін ҚР аумағында бірінші рет - 600 метрге дейін пневмосоққы беретін бұрғылау қолданылуда.
Алынған кернді зерттеу осы қызметті көрсету саласындағы көшбасшы АҚШ, ҚХР және Польша сияқты елдердің сертификатталған халықаралық зертханаларында жүргізілетін болады, олармен тиісті шарттар жасалған.
Барлық геологиялық барлау жұмыстары «Қарағанды көмір бассейнінің Шерубай-Нұра көмірлі ауданының көмір қабаттарынан метан өндіруге арналған іздестіру жұмыстарының жобасына» сәйкес жүзеге асырылуда. Осы саладағы белгілі сарапшы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры Николай Дрижданың пікірі бойынша бұрғылау процесінде көмір қабаттарының газдылығы туралы жоғары көрсеткіштер алынған және бұл жүргізіліп жатқан жұмыстардың перспективті екендігін куәландырады.
Оның айтуы бойынша, «ҚазТрансГаз бірегей сынақтар жүргізуде, олар тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарды кеңейту кезінде ірі мемлекеттік тапсырысты орындауға, өнеркәсіптік газ алуға мүмкіндік береді, ол Қарағанды облысының ғана емес, сондай-ақ Астананың да энергетикалық проблемаларын шешу үшін өте қажетті және әлеуметтік саланы одан әрі дамытуға, экологиялық проблемалады шешуге принципті түрде әсер етеді».
1-ші кезең жұмыстарын аяқтау 2016 жылға жоспарланып отыр, олардың нәтижелері бойынша газ өндірудің осы бағытын дамытудың перспективтілігіне қатысты техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар мемлекеттік балансына қоюмен қатар Келісімшарттық аумақтың көмір қабаттарынан метан қорларын есептеу орындалатын болады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
COVID-19 қарсы вакцина: 14 000 адамға салынды, асқыну болған жоқ -
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін" -
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды -
Қарағандыдағы геохимиялық зертхана 40 мың геологиялық сынамаға зерттеу жүргізді -
Тәуелсіздік күні: Қарағандыдағы "желтоқсанның" жанды тарихы -
Өңірлердегі жаппай газдандыру Қарағандының көмір өндірісіне әсер еткен жоқ – әкім -
Су тасқынын алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынды