• Басты
  • Артиллерия жиынында әскери қызметшілер қорғаныс және шабуылдау ұрысында бөлімшелерді жауынгерлік қолдану мәселелерін пысықтады
3 Қыркүйек, 2015 20:04

Артиллерия жиынында әскери қызметшілер қорғаныс және шабуылдау ұрысында бөлімшелерді жауынгерлік қолдану мәселелерін пысықтады

ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзаковтың нұсқауларына сәйкес «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында «Шығыс» жалпыәскери полигонының базасында тамыздың 3-і мен қыркүйектің 15-і кезеңінде артиллерияның лагерьлік жиындары өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Артиллерия жиынында әскери қызметшілер қорғаныс және шабуылдау ұрысында бөлімшелерді жауынгерлік қолдану мәселелерін пысықтады

 Жиын міндеті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы артиллериялық құрамаларының, бөлімдері мен бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру болып табылады.  Бұл іс-шараға қатысатын әскери қызметшілер заңсыз қарулы құралымдарды жою, артиллериялық бөлімдер мен бөлімшелердің техникасы мен қару-жарағын жауынгерлік міндеттерді орындауға әзірлікке келтіру бойынша арнайы жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу барысында қорғаныс және шабылдау ұрысында артиллериялық құрамаларды, бөлімдер мен бөлімшелерді жауынгерлік қолдану мәселелерін, сондай-ақ офицерлердің, сержанттар мен жеке құрамның кәсіби даярлығын жетілдіруді, әскери қызметшілердің далалық дағдысы мен моральдық-психологиялық қасиеттерін арттыруды пысықтады.

 Оқу-жаттығуға «Шығыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысы басқармасының артиллериясы және зымыран әскерлерінің штабы, 10181, 28738 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері,  27943, 40398, 10810 әскери бөлімдерінің артиллериялық бөлімшелері.тартылды. Жиын бес кезеңде өтті. Ұдайы орналасу пунктінен артиллериялық құрамаларды, бөлімдер мен бөлімшелерді «Шығыс» полигонына алмастыру, лагерьлік жиын ауданына құрамдастырылған тәсілмен марш жасау.

Содан кейін взводтардың, батареялардың, артиллериялық дивизиондардың, бригадалардың үйлесуі және ұдайы орналасу пунктіне оралуы. «Шығыс» полигонындағы лагерьлік жиынға ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев пен ҚР ҚК Зымыран әскерлері және артиллерия қолбасшысы полковник Лұт Әлшекенов барды. Мұндай лагерьлік жиындар жылына екі рет өткізіліп тұратынын айта кеткен жөн. Алдыңғысы Аягөздегі «Майлино» полигонының базасында ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында өтті.

 

 

 

Барлық жаңалықтар