• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанадағы кіші транспорттық айналым көлік ағымын тәулігіне 90 мыңға дейін азайтады

Астанадағы кіші транспорттық айналым көлік ағымын тәулігіне 90 мыңға дейін азайтады

26 Қазан, 2013 13:00
Астанадағы 35 км кіші транспорттық айналымның 20,5 км-і салынды, деп хабарлайды Елорданың жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының бастығы Р.Аманжолов.

«Көлік кептелістерін азайту мақсатында 2007 жылы Кіші транспорттық айналымның құрылысы басталды. Құрылыстың аяқталуы 2017 жылға жоспарлануда. Аталмыш айналымның күнделікті жалпы сыйымдылығы 90 мың көлікке дейін жетеді», - дейді басқарма бастығы.

Бүгінде 20,5 км жол, 4 транспорттық айналым, 3 өткел, 2 көпір салынды.

2013 жылы  Қорғалжын көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі салынған Бейсеков көшесі көлік ағымын күніне 30 мыңға дейін азайтты.

 

Барлық жаңалықтар