- Басты
- Жаңалықтар
- Түркияда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция өтті
Түркияда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция өтті
Қазақстанның Елшісі Жансейіт Түймебаев сөйлеген сөзінде Қазақстанның мыңдаған жылдардан бері түрлі өркениеттер даму жолдарының тоғысқан, халықтардың ұлы көш бағдарларының қиылысқан жері болғанын атап өтті. Мұнда еуразиялық даланың кең аумақтары игеріліп, материалды және рухани мәдениет орнатылған. Бүгінде бұл бірегей мәдениеттің жетістіктері бүкіл әлемде мойындалуда.
Ж. Түймебаев конференция қатысушыларының назарына Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту шарасы Қазақстан үшін зор маңызға ие екенін айтты. Мерейтойлы жыл халықтың тарихи санасының қалыптасуында ерекше орын алып жатыр. Бұл іс-шара Қазақстан мен түркі әлемінің ағартушы интеллигенциясының іс-әрекеттерінде де бейнесін таппақ.
Іс-шараға қатысқандар Қазақ хандығы тарихына аса қызығушылық танытып, Қазақстанның тарихы мен мәдени дәстүрін зерттеуге бағытталған бірлескен ұмтылыстардың қажеттілігі үшін сөз қозғады.
«Осыған орай, Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту іс-шаралары ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасуының терең тамырларының бар екендігіне және жалпы бауырлас Қазақстан жеріндегі тарихи мемлекеттілігінің куәсі болып табылады. Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойының қазақстандық жастары үшін мұрагерлік көрінісі, сонымен қатар қазіргі замандастардың жиналған білім қорын, өз халқының салты мен дәстүрін келер ұрпақ үшін сақтауға міндеттілігінің белгісі екендігі аталып өтті», - делінген хабарламада.
Конференция аясында Қазақстан мен Түркия екіжақты қарым-қатынастарының тарихы, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қазақстан Ата заңының 20-жылдығы секілді аталып жатқан баянды уақиғалар тақырыбына сәйкес фотокөрме ұйымдастырылды. Оған қоса, Жәнібек пен Керей хандарының бейнесі көрсетілген суреттер мен аты аңызға айналған Абылай хан отырған көп қанатты киіз үй макеті шығарылды. Қатысушылардың назарына түрік тілінде басып шығарылған Қазақстан туралы кітаптар ұсынылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды