• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚСЗИ ауғанстандық әріптестерімен аймақтық қауіпсіздік саласында ынтымақтастықтарын дамытуда

ҚСЗИ ауғанстандық әріптестерімен аймақтық қауіпсіздік саласында ынтымақтастықтарын дамытуда

3 Қыркүйек, 2015 17:43
ҚР Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Кабулдағы делегапиясы ауғанстандық жетекші сарапматамылқ ұйымдармен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық пен аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады, деп хабарлады ҚСЗИ.

Қазақстандық сарапшылар Ауғанстандағы Қазақстан елшілігімен бірлесіп «Қазақстан - Ауғанстан» екіжақты қарам-қатынастың бүгіні мен ертеңі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Сарапшылар аймақтағы жағдайды қоса алғанда жан-жақты тақырыптағы мәселелерді, сонымен қатар Қазақстан мен Ауғанстанның ғылыми қауымдастықтарының өзара қарым-қатынасын талқылады. Ауғанстандық сарапшылар көлік-транзит бағытындағы жобаларды атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Астанада Қазақстан-Ауғанстан сараптамалық форумын өткізу туралы келісілді. 

Барлық жаңалықтар