• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымдары бойынша өтемақы төлеу шарттары қыркүйек айының соңында жарияланады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымдары бойынша өтемақы төлеу шарттары қыркүйек айының соңында жарияланады

3 Қыркүйек, 2015 16:45
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымдары бойынша өтемақы төлеу шарттары 2015 жылдың қыркүйек айының соңында жарияланады, сонымен қатар аталмыш банктағы есепшотында 1 млн теңгеден астам қаржысы бар салымшыларға қолдау көрсету механизмдері ойластырылуда, деп хабарлады «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Қарашүкеев «Дағдарыс жағдайындағы жылжымайтын мүлік нарығы» тақырыбымен өтіп жатқан Сараптамалық клубтың ІІІ отырысында.

«2015 жылдың 20 тамызында Елбасының төрағалығымен өткен келелі отырыста Н.Назарбаев банктерге, жалпы барлық қаржы жүйесіне депозиттер бойынша және 1 млн теңгеге дейінгі салымдар бойынша валютаның айырбас бағамына байланысты өтемақы төлеу механизмін жасақтауды тапсырды. Сонымен қатар, Елбасы тұрғынүйқұрыдысжинақ банкінің салымдарына да тоқталып, біздің салымшыларымызға қолдау көрсету механизмін жасақтауды тапсырды. Қазіргі таңда осы салада барлық жұмыстар жүргізілуде, жақын 2-3 аптада өтемақы төлеу шарттарын жариялайтын боламыз. Сонымен қатар, біз салым сомасы 1 млн теңгеден асып жығылатын салымшыларға қолдау көрсету механизмдерінде қарастырып жатырмыз. Менің ойымша бұл әділ. Егер өзге банктердің салымшылары салымдарын долларға ауыстыра алса, біздің салымшылар соңғы жеті-сегіз айда өз ақшаларын теңгелей ұстағанын көріп отырмыз», - деді Е. Қарашүкеев.

Жалпы, басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, теңге бағамын еркін айналымға жіберілгеннен кейін аталмыш банк салымшыларының есепшоттарын жауып кетуі байқалмады, банктегі депозит жүйесі тұрақты.

«Үстіміздегі жылдың алғашқы 7 айында несие берілген әрбір 4 теңгенің 3 теңгесін тұрғынүйқұрылысжинақ банкі берген. Бүгінде Қазақстанда 30-дан астам банк бар, осы ретте ұзақмерзімді теңгелей салымдардың басым үлесі бізде, әрбір екі теңге біздің банкте жатыр. Дағдарыс жағдайында банктың жүйесі тұрақты. Құрылысшылар тұрғын үйлерді салуда, оларды кәдеге жарату керек. Егер бұл жүйе болмағанда, құрылыс нарығындағы жағдай тым ушығып кетер еді», - деп атап өтті.

Айта кетерлік жайт, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде барлығы 570 мың салым бар, осы ретте 400 мыңнан астам салымның сомасы 1 млн теңгеден асып жығылады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар