• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Жақсылыков: Қазақстандағы бизнес-омбудсмен институты нығаюды қажет етеді

Т.Жақсылыков: Қазақстандағы бизнес-омбудсмен институты нығаюды қажет етеді

3 Қыркүйек, 2015 16:04
Ұлт жоспары тапсырмаларының бірі кәсіпкерлер қызығушылықтарын қорғау мақсатындағы бизнес-омбудсмен институтын нығайту болып саналады, деді ОКҚ-да ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

«Бұл заң Мәжілістің қарауында жатыр, бизнес-омбудсменнің құқықтық мәртебесін көтеру қарастырылған. Оның Елбасының қарауымен таңдап, Елбасы алдында қандай есеп беретінін анықтау қажет. Бизнес-омбудсмен ҰКП президиумының мүшесі болады.Оның жұмысы жеке аппаратпен қамтамасыз етілетін болады», - деді Т.Жақсылықов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлердің арыздары ҰКП арқылы өтеді. Осылай кәсіпкерліктің географиялық және селекторлық қамтуы жүзеге асады.

«Қазіргі таңда заңнама бизнес-омбудсменнің институтының жұмысын қарастырған. Заң жобасында біз институттың нығаюын қарастырамыз», - деді ол.

Бизнес-омбудсменнің айтуынша, егер жобалар бойынша іскерлік ахуалдың төмендеу қатері болса ол аталмыш жобалардың жұмысын әзірше тоқтата тұруға құқығы бар.

«Сондай-ақ, бизнес-омбудсмен меморгандармен кәсіпкерлердің арызына байланысты шешімімен келіспейтін болса, ол прокуратура органдарына қайта қарауға өтініш жібере алады», - деді Т.Жақсылықов.

 

Барлық жаңалықтар