• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚДБ ArcelorMittal мен «Қазмырыш» компанияларының экспорттық операцияларын қаржыландырды

ҚДБ ArcelorMittal мен «Қазмырыш» компанияларының экспорттық операцияларын қаржыландырды

3 Қыркүйек, 2015 17:26
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жалпы сомасы 16,2 млрд теңгеге «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Қазмырыш» ЖШС экспорттық операцияларын қаржыландыруды бастады, деп хабарлады ҚДБ.

 Қарыз қаражаты қазақстандық экспортты қолдау мақсатында «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асыру шеңберінде жеңілдікті шарттармен берілді.

Атап айтқанда, 10 млрд теңге көлеміндегі қарыз 5 жылға дейінгі мерзімге «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына шикізат пен материалдар сатып алуға, оларды одан әрі дайын болат өнімдерін жасау мақсатында өңдеуге берілді.

6,2 млрд теңге көлеміндегі несие қаражаты 3 жыл мерзіміне «Казцинк» компаниясына металл мырыш өндірісіне және экспортына берілді.

Айта кетейік, қазақстандық экспортшыларды қолдау жағынан экспорттық операцияларды қаржыландыру шарттары ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 23 сәуіріндегі №271 Қаулысымен бекітілген. Жалпы, ҚР Ұлттық қорынан, ҚДБ желісі арқылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-дан өңдеу өнеркәсібінде шығарылатын қазақстандық тауарлар экспортын қолдауға 2015 жылы 35 млрд теңге бөлінді. Көзделген қаражат шеңберінде ағымдағы жылдың 01 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жалпы сомасы 31,2 млрд теңгені құрайтын барлығы 6 жоба қаржыландырылды.

Барлық жаңалықтар