- Басты
- Жаңалықтар
- ШОБ-қа мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасы бәсекеге қабілетті кәсіпорындарға қайта бейімделеді- вице-министр
ШОБ-қа мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасы бәсекеге қабілетті кәсіпорындарға қайта бейімделеді- вице-министр
«Аталмыш санатқа инновациялық және алдыңғы қатардағы жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпорындар жатқызылады. Осы ретте, мақсатты гранттар мен 750 млн теңгеге дейінгі несиені субсидиялау бағдарламалары барлығына қол жетімді болады. Әрине егер соңғылары жаңа жұмыс орындарын ашып өндіріс көлемін арттырса және салық төлемдерін көбейтетін болса», - деп түсіндірді Т.Жақсылықов.
Оның айтуынша, әкімшілік кедергілерді азайту бағытындағы жұмыстар өте маңызды.
«Атап айтқанда, артық келісулер, сұралатын құжаттар тізімі және қарастыру мерзімі қысқартылады. Қаржылай қолдауды қамтамасыз ету үшін бір терезелі принцип бойынша барлық жұмыстар жүргізілетін болады», - деп атап өтті ол.
Т.Жақсылықов хабарлағандай, жалпы өткен жылы белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 5,5%-ға артып 1 млн 324 мың дананы құрады. Ал, жұмыспен қамтылғандар саны 3,7%-ға өсіп 2 млн 770 мың адамды құрады. Өнім өндірісі 4%-ға көбейіп 14 трлн 605 млрд теңгені құрады.
«1045 кәсіпкер жалпы сомасы 49,5 млрд теңге несие бойынша кепілдеме алды. Жалпы, кепілдеме сомасы 21,7 млрд теңгені құрады. Қазақстанның барлық аймақтары «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасымен қамтылды», - деді вице-министр.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды