ОҚО-да 104 білім беру нысаны салынуда

3 Қыркүйек, 2015 15:56
Оңтүстік Қазақстан облысында 104 білім беру нысанының құрылысы жүруде, деді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Арман Абдоллаев.

Ол атап өткендей, 61 нысан, оның ішінде 7 балабақша мен 49 мектеп осы жылы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, өңірде 39 көпқабатты үйдің құрылысы жүруде, 29 нысан осы жылы аяқталады.

Сондай-ақ, халықты ауыз сумен қамту бойынша 31 жоба, ал жөндеу бойынша 12 жобаны жүзеге асыру қарастырылған.

«Бұл сапалы сумен 17 жергілікті пунктті, яғни 132 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді», - деді А.Абдоллаев.

 

Барлық жаңалықтар