• Басты
  • Е. Ыдырысов: Қазақстан Тынық мұхит өңірін сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырады
3 Қыркүйек, 2015 16:21

Е. Ыдырысов: Қазақстан Тынық мұхит өңірін сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырады

Фиджи Республикасындағы Тынық мұхит аралдарын дамыту форумы көшбасшыларының (PIDF) ІІІ саммитіне қатысу шаралары шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ү.ж. 3 қыркүйекте бірқатар тынықмұхиттік мемлекеттердің басшыларымен және жоғары лауазымды өкілдерімен бір топ екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ.
Е. Ыдырысов: Қазақстан Тынық мұхит өңірін сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырады

Атап айтқанда, сыртқы саяси ведомство басшысы Фиджи Президенті Рату Эпели Наилатикаумен, Фиджи Премьер-министрі Хосая Воренге Байнимарамамен, сыртқы істер министрі Рату Иноке Кубуаболамен, Соломон аралдарының Премьер-министрі Манассех Согаваремен, Тувалу Премьер-министрі Энели Сапоагамен, Тонга Премьер-министрі Акилиси Похивамен, Кирибати Президенті Аноте Тонгпен, Маршалл аралдарының сыртқы істер министрі Тони де Бруммен және Шығыс Тимор Елшісі Еабел Гутереспен кездесті.

Кездесулер барысында саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың болашақ мүмкіндіктері мен халықаралық сахынадағы ықпалдастық жолдары талқыланды.

Е. Ыдырысов Фиджи Президенті мен Премьер-министріне қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Тынық мұхиты өңірін өз саясатының маңызды бағыты ретінде қарастыратынын атап өтті. «Біз Тынық мұхиты өңіріндегі маңызды серіктесіміз – Фиджи елімен екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделіміз», – деді министр.

Өз кезегінде Р.Э. Наилатикау атап өткендей, «Қазақстан – ядролық қарусызданудың үздік үлгісі, осыны барлығы мойындайды».

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты белсендіру кезі келді деген пікірмен келісті. Өзара байланыстардың одан әрі белсене түсуі мен түрлі халықаралық бастамаларда өзара қолдау көрсетілуі екіжақты ықпалдастықтың әлеуетін толық жүзеге асырылуына септігін тигізеді. Х.В. Байнимарама атап өткендей, Фиджи Қазақстанды 2017-2018 жылдар аралығына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануына бағытталған әрекеттерін қолдайды.

Өзге тынықмұхиттық мемлекеттер басшыларымен өткен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері мен көпжақты форматтағы ықпалдасу жолдары талқыланды. Қазақстанның да, аралдық мемлекеттердің де алдарында тұрған даму қиындықтарының ортақтығы және осы қиындықтардан бел асу жолында ынтымақтастықты нағайтуға екі елдің өзара ұмтылысы атап өтілді.

Сол күні, саммит қатысушыларына арнап «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы өкілдерінің қатысуымен халықаралық мамандандырылған көрменің тұсаукесері өтті. Тынық мұхит елдерінің басшылары Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуға шақырылды. Тұсаукесер барысында сөйлеген сөзінде Е. Ыдырысов Қазақстандағы «ЭКСПО-2017» «жасыл» энергетика саласындағы тәжірибемен, қазіргі заманғы технологиялармен жаһанды деңгейде алмасуға шақырады. Сол себепті, Астана мүмкіндігінше ең көп елдердің қатысқанына мүдделі, және Халықаралық көрмелер бюросының талаптарын сай, 60 ең аз дамыған елдердің көрмеге қатысуға техникалық қолдау көрсетеді.

Келіссөздер және тұсаукесер қорытындылары бойынша, «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы келісімдерге, соның ішінде Науру мен Маршалл аралдарымен де, қол жеткізілді.

Фиджиның маңызды сыртқы саяси бастамасы болып табылатын және 23 аралдық мемлекеттерінен қолдау тапқан Тынық мұхит аралдарын дамыту форумы көшбасшыларының ІІІ саммитіне қазақстандық делегацияның қатысуы саммит қатысушыларының және жергілікті БАҚ өкілдерінің тарапынан зор қызығушылық тудырды. «Фиджи Сан» жергілікті ұлттық газетінде Е. Ыдырысовтың «Қазақстан және тынық мұхиттық аралдар: бір-бірімізге ұқсамасақ та, алдағы міндеттеріміз бір» мақаласы басып шығарылып, онда биыл қыркүйекте Парижде осы мәселе бойынша өтетін жаһанды саммитке дайындық аясында еліміздің климат өзгерісі мәселесін шешудеге еліміздің ұстанған жолдары баяндалған.

Барлық жаңалықтар