- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында диiрмен кешенiнің iске қосылуы 100 жаңа жұмыс орнын ұсынады
Ақмола облысында диiрмен кешенiнің iске қосылуы 100 жаңа жұмыс орнын ұсынады
Өңiр басшысы алдымен ауыл шаруашылығы техникасы мен қондырғыларын, қосалқы бөлшектерiн сататын және кепiлдi қызмет көрсететiн «АgrointerTech» серiктестiгiне барды. Өткен жылы кәсiпорын 147 миллион теңгенiң өнiмiн шығарған. Қазiр мұнда 32 адам жұмыс iстейдi.
Облыс әкiмi қыркүйек айында ашылатын жаңа мешiт маңын абаттандыру және көгалдандыру мәселелерiне де назар аударып, атқарылған iстердi саралап, жұмыстарды ары қарай жалғастыру жөнiнде тапсырма бердi.
«Бижан» ет өңдеу зауытының құрылысының бiрiншi кезеңi 2012 жылы аяқталып, кәсiпорын жылқы мен сиыр етiн сата бастаған болатын. 2014 жылы оның құрылысының екiншi кезеңi қолға алынды. Оның негiзiне ет өңдейтiн цехтар кiредi. Атап айтқанда шұжық, жартылай фабрикат және консервi цехтары. Жақын арада мұнда 5 тонна шұжық пен ауысымына 20 мың банка ет консервiсiн шығаратын цехтарды iске қосу жоспарланған.
Кәсiпорынның өнiмi-халал. Сонымен қатар мемлекет қолдауына сәйкес, «КазАгроФинанс» АҚ бюджет бағдарламасына орай зауыт мал соятын цех желiсiн iске қосуға лизинг алды. Оның ауысым қуаттылығы 70 iрi қараға лайықталған. Өңiр басшысы кәсiпорынды аралап, жұмысына оң
бағасын бердi.
«Ақмола Бидай» ЖШС бидай және майлы дақылдарды сақтау және қайта өңдеумен айналысады. Өңiр басшысы жұмысы аяқталып қалған диiрмен кешенiмен танысты. Ресейлiк инновациялық қондырғылармен жарақтанған кешенде бидай мен майлы дақылдарды бiр уақытта қабылдап, өңдейтiн желi iске қосылған. Элеватордың тәулiктiң қуаттылығы 30 тонна, диiрмен тәулiгiне 200 тонна ұн шығара алады.
Жобалық қуаттылыққа көшкен кезде бiр жылғы өнiмдiлiк 57 мың тоннаға дейiн жетпек. Майлы дақылдарды қайта өңдеп, құс шаруашылығына қажеттi жем-қор желiсiн iске қосу жоспарда бар. Жаңа қондырғы сатып алынып, монтаждалған. Күзде кәсiпорын тұңғыш дәндi-дақылдарды қабылдамақ. Диiрмен кешенi iске қосылған кезде 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазiргi құрылысқа 75 адам тартылған. Жобаның жалпы құны 2 миллиард теңге.
Жұмыс сапары барысында өңiр басшысы облыс орталығын көгалдандандыру және абаттандыру мәселесiне назар аударып, қаланың барлық көшесiне ағаш егу қажет дедi.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы