Қазпошта ғаламдық трекинг қызметін іске қосты

3 Қыркүйек, 2015 15:03
«Қазпошта» АҚ дүниежүзілік почта одағының ақпараттық жүйесімен бірлесуінің нәтижесінде, ғаламдық трекинг қызметінің іске қосылғанын хабарлайды. Ғаламдық трекинг сәлемдемелердің орналасқан жерін әлем бойынша қадағалауға мүмкіндік береді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Бұрын қадағалау жүйесі Қазақстан бойынша ғана жұмыс істетін, ал шетелде жүрген сәлемдемелерді өзге елдің почта қызметтерінің жүйесі арқылы іздеуге тура келетін. Енді клиент басқа ресурстарға кірмей-ақ, өзінің тапсырысының немесе жөнелтімінің орнын нақтылау үшін, біздің веб-сайтқа немесе ұялы телефондағы қызметке трек нөмірін енгізіп барлық қажетті ақпаратты таба алады. Бұл мүмкіндік, ақпаратты алу уақытын үнемдеп, біздің қызметпен пайдалуға ыңғайлы жағдай жасау үшін қажет» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов бөлісті.

Интеграция нәтижесінде, Қазақстан аумағы арқылы өтетін сәлемдемелерін шетелдік компаниялар да бақылай алады. Бұрын осы аймақ олардың іздестіру жүйелерінде көрсетілмейтін. Бүгінгі таңда, компанияның клиенттері  сайттары арқылы сәлемдемелерін қадағалау үшін, айына шамамен 800 мың тапсырыс жібереді.

 

Барлық жаңалықтар