- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған қойылым өтеді
Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған қойылым өтеді
Шараның нақты мақсаты- бұқараны Қазақ хандығының тарихымен кеңінен таныстыру. Оның тарихи рөлінің ашылуы мен ел тұрғындарының мәдени-рухани деңгейінің көтерілуіне, халықтар достастығына қосқан үлесі туралы мағлұмат береді.
«Бұл өте әсерлі театрландырылған қойылым. Біз мәдениеттің байлығын Қазақ хандығының тарихын қойылыммен паш еткіміз келеді. Қойылым сонау сақтар кезеңінен басталып, Ұлы Жібек Жолы, Шыңғысхан кезеңдерін қамтиды. Тарих кезеңдерін ашып беруге тырысамыз. Әрине, бір жарым сағат ішінде бұл мақсатты орындау оңай емес. Қазір бұл қойылым бойынша 2000 адам жұмыс істеуде», - деді А.Райымқұлова.
Концертте ұлттық өнердің әр түрлі жанры қамтылады: ән мен күй және би мен хорлық орындаудың тамаша үлгілері көрсетіледі.
Департамент директоры атап өткендей, бүгінгі таңда бірқатар шаралар өткізілді. Ресейде, Қытайда, Пәкістанда, Иранда, Түркияда, Өзбекстанда, Мысырда ғылыми-тәжірибелік конференциялар өтті. Жаңа театрландырылған қойылымдар құрылды.
Сондай-ақ, Астанада Елбасының және отандық ұйымдар мен шетелдік БАҚ-тың қатысуымен салтанатты шара өтеді.
«Сондай-ақ, Назарбаев университетінде тәжірибелік конференция өтеді. Оған 1000 шетелдік және отандық ғалымдар, халықаралық сарапшылар, парламент депутаттары, жетекші елдердің бизнес-қауымдастықтары қатысады», - деді ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»