• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ю.Пя: Қазақстан – үшінші буын жасанды жүрегін ауыстырған әлемдегі тұңғыш ел (Фото)

Ю.Пя: Қазақстан – үшінші буын жасанды жүрегін ауыстырған әлемдегі тұңғыш ел (Фото)

3 Қыркүйек, 2015 12:58
Қазақстан – соңғы буын жасанды жүрегін ауыстырған әлемдегі тұңғыш ел. Қазақстанда соңғы бір жыл ішінде HeartMateIII жасанды жүрек ауыстыру бойынша 32 ота жасады, деді «Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя жасанды жүрек орналастыруға арналған шеберлік сыныбында.

«Үшінші ұрпақ жасанды жүрегінің айырмашылығы қан айналым адамзаттыкіне, табиғи қан айналымға ұқсас боп келеді. Егер осыған дейінгі жасанды жүректерде қан айналым болмаса, бұл буында қан айналым бар. Бұл өте үлкен жетістік. Қан айналымын техникалық түрде жасау өте күрделі», - деді Ю.Пя.

Айта кетерлігі, Қазақстанда бұл сынды оталар тегін жасалады. Мемлекет ауыр халдегі адамдардың емделу үрдісін толық төлейді.

«Орташа есеппен 250-300 мың доллар тұратын отаны мемлекет төлейді. Бізге ота жасатуға өзге елдің азаматтары да келеді. Олар үшін ота ақылы түрде жасалады», - деді ол.

Елдің бас кардиологы айтып өткендей, Қазақстанда осы жылы аталмыш әдісті қолдану арқылы ота жасалды, 150 ота жүзеге асырылды.

«2011 жылдан бастап жасанды жүрек ауыстыру бойынша 150 ота жасалды.Мемлекет денсаулық сақтау саласына қанша қаржы бөлім отырғанын елестетіңіз. Барлық қазақстандықтарға айтатыным, бізге өзге елдерден оқып, тәжірибе жинақтау үшін дәрігерлер келеді, біз үшін бұл үлкен жетістік.  Президент пен Үкіметтің саясатының арқасында бізде бизнес пен инновацияны енгізуге жағдай жақсы жасалған. Біз бұл технологияларды ешқандай әлемдік  экономикалық өзгерістерге қарамай енгізе аламыз», - деді ол.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

 

 

Барлық жаңалықтар