- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да Еуропадан келген кардиохирургтер үшін жасанды жүректі орнату бойынша шеберлік сыныбы өткізілді
ҚР-да Еуропадан келген кардиохирургтер үшін жасанды жүректі орнату бойынша шеберлік сыныбы өткізілді
Қазақстан әлем бойынша осындай отаны жасай бастаған алғашқы мемлекет. Германия, Италия, Швейцария, Голландия мен Хорватиядан 30 жетекші кардиохирургия маманы қазақстандық әріптестерінің тәжірибесін меңгеруге келді.
«Бүгін бізде орталығымыз өткізіп жатқан шеберлік-сыныбының екінші күні. Біз заманауи жасанды жүректі орнатуды клиникалық тәжірибеге енгізу бойынша халықаралық жобаны жүзеге асыра алдық, ол бұған дейін бірқатар тесттерден, зертханалық зерттеуден өткен болатын», - деді «ҰҒКО» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя.
Қазақстанның басты кардиологы атап өткендей, ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы әлем бойынша ең тәжірибелісі, осының арқасында орталық жүректі емдеумен немесе трансплатаиялаумен айналысатын Еуропаның клиникаларынан келген жетекші мамандарды қабылдай алады.
«Шетелдік мамандар бізге оқуға келеді, олар біздің қазақстандық тәжірибемізді меңгеріп, жануарлардың жүрегіне ота жасау арқылы машықтанады», - деп толықтырды Ю. Пя.
Айта кетерлік жайт, аталмыш жасанды жүректі трансплатациялау әдісі 2014 жылдың маусым айында енгізілді, бір жыл ішінде қазақстандық мамандар 32 ота жасады, оның ішінде 8-і зерттеу мақсатында болатын.
«Мұндай заманауи отаның 32 жасадық, егер әлем бойынша айтатын болсақ Американы қосып алғанда барлығы 100-ге жуық ота жасалды», - деп атап өтті ол.
Ю.Пя түсіндіріп кеткендей, жасанды жүрек - жүрек трансплантациясының баламалы бір түрі ғана, дегенмен донорлық жүрек бұл салада баяғыша «алтын стандарт» болып есептеледі.
«Өздеріңіз білетіндей, жүректі транцплантациясы бір адамның өлімін, оның органының басқа бір адамға трансплантациялауды білдіреді. Ал жасанды жүрек ол адам миының және қолының туындысы. Мен жүрек транцплантациясын толығымен алмастыратын жаңа жасанды жүректер ұрпағы жасалатынына сенімдімін», - деп ағынан жарылды кардиолог.
Индира Кауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды