- Басты
- Жаңалықтар
- Польшалық бизнесмендерге ОҚО-ның инвестициялық мүмкіндігі таныстырылды
Польшалық бизнесмендерге ОҚО-ның инвестициялық мүмкіндігі таныстырылды
«Польша бизнесінің Орталық Азия өңіріндегі базалық алаңына айналу үшін Оңтүстік Қазақстан облысының барлық мүмкіндіктері бар. Ал, біздің өңірде Агроорталық құру жөніндегі идея облысты ірі көтерме сауда орталығына айналдырып, делдалсыз қызмет ұсынуға мүмкіндік береді. Демек, баға жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді болмақ»- деп атап өтті өңір басшысы.
Облыс әкімдігі хабарлағандай, екіжақты кездесу барысында облыс әкімі польшалық меймандарға өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Сондай-ақ, тараптар ОҚО аумағында бірлесе жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды талқылады.
Атап айтқанда, польшалық делегаттар карго-терминалы бар халықаралық әуежай құрылысын жүргізуге, заманауи көлік-логистикалық орталығын ұйымдастыруға, жылыжай шаруашылығы мен етті бағыттағы құс шаруашылығын салуға және жасанды қар шығаратын өндіріс орнын құруға қызығушылық танытып отыр. Бұл жобалар мемлекеттік және салалық бағдарламаларды өз деңгейінде атқаруға елеулі үлес қоспақ.
«Оңтүстік Қазақстан жылына 300 шуақты, жылы күн болатын өңірлердің бірі. Сондықтан, экологиялық таза күн энергиясын жылыжай кешендерінде қолдану негізгі міндет. Еліміздегі барлық жылыжай шаруашылықтарының 80 пайызы ОҚО-да шоғырланған. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану өңірдің дамуын тағы бір сатыға көтеретіні анық», - деп атап өтті
ОҚО әкімі Б.Атамқұлов. Кездесу қортындысында тараптар өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Жалпы алғанда ОҚО аумағында Индустриаландыру картасы аясында құны 868 миллиард теңгені құрайтын 115 жоба іске асырылуда.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Ұлт саулығы Ұлттық кеңестің назарында -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Ақтөбе облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасты -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін онлайн мектеп: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19. Дәрi-дәрмекпен қамту мәселесі қалай шешілуде: сапасы, халыққа қолжетімділігі туралы -
Бизнес өкілдерінің проблемасын жақсы білеміз - ҚР Ұлттық экономика министрі -
Шымкент: Мал шаруашылығын дамытуда 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда