• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: «Оңтүстік» индустриалды аймағында 66 млрд теңгені құрайтын 128 жоба іске асырылуда

ИИДМБ: «Оңтүстік» индустриалды аймағында 66 млрд теңгені құрайтын 128 жоба іске асырылуда

3 Қыркүйек, 2015 12:24
«Оңтүстік» индустриалды аймағында 66 млрд теңгені құрайтын 128 жоба іске асырылуда, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.

«Оңтүстік» ИА-да жалпы құны 66 млрд. теңгені құрайтын 128 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 18,5 млрд. теңгені құрайтын 36 жобасы қазірдің өзінде іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда 2 782 жаңа жұмыс орны ашылды.

Мұнда келешекте жалпы құны 81.67 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобалар іске асырылып, 6 мың жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Осы индустриалды аймақ ашылғалы бері мұнда 53 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, бюджетке салықтық түсімдер ретінде 3,5 млрд. теңге құрылды. 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов «Оңтүстік» индустриалды аймағы мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Облыс басшысы арнайы экономикалық аймақтарда жылдар бойы атқарылған жұмыстар нәтижесін бере бастағанын, өндірістік қуаттылықтың арқанын атап өтті.

«Индустриалды аймақтар үлкен әлеуетке ие. Осы жылдарда істелген жұмыстар елеулі нәтижелер бере бастады. Енді осы қарқынды арттыра түсу қажет», -деді Б.Атамқұлов. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция көлемі 22.6 млрд. теңгені құрайтын 8 ірі компания жұмыс жүргізеді. Мұнда 1 445 жаңа жұмыс орындары ашылған. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында кілем тоқитын, жіп иіретін, гофралық картон, қағаз өндіретін, мақта талшығы мен мақта целлюлозасын шығаратын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Айта кетейік, бұл тауарлардың барлығы еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып, шетелдік нарыққа шығарылуда. 

 

 

Барлық жаңалықтар