• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанадағы «KazAgro 2013» пен «KazFarm 2013» көрмелерінде ауылшаруашылық саласындағы әлемдік жаңалықтар таныстырылады

Астанадағы «KazAgro 2013» пен «KazFarm 2013» көрмелерінде ауылшаруашылық саласындағы әлемдік жаңалықтар таныстырылады

26 Қазан, 2013 10:30
30 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада жыл сайынғы «KazAgro 2013» ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі мен «KazFarm 2013» мал шаруашылығы мен сүт-ет өнімдері халықаралық көрмесі өтеді.

«Көрмеде ауылшаруашылығы машинасы мен қондырғылар құрылысының әлемдік жаңалықтары, өсімдік өсіру, мал асырау, құс өсіру технологиясы мен құнарландыру, егу, мал дәрігерлігі, тұқым мен ауылшаруашылығы саласындағы қызметтер түрлері ұсынылады», - деоінген хабарламада.  

Көрмеге әлемнің 20 елінен 220 компания өз өнімдері мен қызметтерін әкеледі.

Айта кету керек, «KazAgro/ KazFarm 2013» көрмесін өткізудің басты мақсаты – шет елдік және отандық тауар өндірушілерге аграрлы сектор мен ауылшаруашылық саласындағы инновация үшін мүмкіндік болып табылатын теңдессіз платформа ұсыну.

Шараның ұйымдастырушылары «Expo Group» Халықаралық Көрме Компаниясына қатысады.

 

Барлық жаңалықтар