ҚР ДСӘДМ Мәжілісте жаңа Еңбек кодексінің жобасын таныстырды

3 Қыркүйек, 2015 11:19
Еңбек кодексінің жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалдық реформа – 83 «еңбек қарым-қатынасын ырықтандыру» қадамын жүзеге асыру тапсырмасы бойынша әзірленді, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова ҚР Еңбек кодексінің жаңа жобасын таныстыруға арналған отырыс барысында.

«Еңбек кодексінің жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалдық реформа – 83 «еңбек қарым-қатынасын ырықтандыру» қадамын жүзеге асыру тапсырмасы бойынша әзірленді.Еңбек заңнамасын ырықтандыру  тиімді нарық экономикасын қалыптастыру, Қазақстандағы еңбек нарығын ырықтандырудың маңызды қадамы болып есептеледі», - деді И.Аронова.

Депутат атап өткендей, еңбек қарым-қатынасына мемлекеттің араласу шекарасын нақты белгілеген жөн.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова таныстырылм барысында жобаны әзірлеуге бизнес өкілдері мен әр түрлі еңбек ұйымының өкілдері қатысқанын айтып өтті.

«Еңбек кодексін әзірлеу барысында өзге елдердің еңбек кодекстерінің жобалары ескерілді. Кодекс жобасында әрбір азаматтың құқығы мен қызығушылығына назар аудардық. Жаңа Еңбек кодексінің концептуалды моделі  еңбек қарым-қатынасын  мемлекеттік және келісім шарттық реттеуді ескере отырып әзірленді», - деді Т.Дүйсенова.

Оның айтуынша, заң жобасын әзірлеуде ҚР Конституциясының, 1948 жылдың 10 желтоқсанында БҰҰ БА қабылдаған  Жалпыортақ адам құқығы декларациясының  барлық нормалары сақталды.

Ұсынылып отырған еңбек байланысын реттеу  халықаралық еңбек ұйымының еңбек стандарты мен ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіріліп әзірленді.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар