- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық банк пен ДХҚО коммерциялық сот жүйесін құрудағы серіктестік туралы келісімге қол қойды
Ұлттық банк пен ДХҚО коммерциялық сот жүйесін құрудағы серіктестік туралы келісімге қол қойды
2015 жылдың басында Қазақстан Республикасының Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы мәлімдеді, бұл ретте негізгі және тез дамып келе жатқан қаржы орталықтарының бірі – Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) үлгі болды.
Консалтинг туралы келісімге сәйкес DIFC Courts мамандандырылған коммерциялық сотты ұйымдастыру бойынша алдағы үш жылда Қазақстан әріптестерінің серіктестері болады. Келісім түрлі аспектілерді қамтиды – заңнамалық және реттеуші база бойынша консультациялар көсрету, кадрларды оқыту, сот үй-жайларын жарақтандыру және АТ-инфрақұрылымын қамтамасыз ету. Келісімге DIFC Courts Бас судьясы Майкл Хван (Michael Hwang) және Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов қол қойды.
«Коммерциялық дауларды шешу кезіндегі тұрақты табыстардың, инновациялық тәсілдердің, сондай-ақ өз шешімдерін іске асыру кезіндегі табыстардың арқасында DIFC Courts бүгінгі күні өзін әлемдік деңгейдегі әйгілі заң құзыреттілігінің орталығы ретінде көрсетіп отыр. Бұл Қазақстан Ұлттық Банкінің бізді өз қарауын талап ететін ауқымды мәселелер тобы бойынша және халықаралық топтарда құрметке ие болатын коммерциялық сотты құру үшін қажетті қадамдарды жасайтын консультант ретінде таңдағанына да байланысты. Бұл келісім сондай-ақ БАӘ- да және халықаралық аренада жұмыс істейтін компанияларды қорғау және қолдау мақсатында басқа елдермен және сот жүйелерімен байланыстарды реттеу жөнінде DIFC Courts тарапынан жалғасып келе жатқан жұмыс аясында көрнекі болып табылады» - деп мәлімдеді Бас судья Хван мырза.
«Біз ең үздік халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта Еуразия орталығында әлемдік деңгейдегі қаржы орталығын құруға ниеттіміз. БАӘ-ға бірнеше рет барған кезде біз DIFC Courts сияқты органның осы еркін аймақтың табысында қандай маңызды рөл атқаратынын көрдік: біз АХҚО-ны ілгерілете отырып олардың тәжірибесін пайдаланудан игілікті нәтижелерді күтеміз» - деп толықтырды ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері