• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК ЕАЭО-ның ішінде әуетасымалдау барысындағы трансфер жүйесін жеңілдету бойынша өзгертулерді мақұлдады

ЕЭК ЕАЭО-ның ішінде әуетасымалдау барысындағы трансфер жүйесін жеңілдету бойынша өзгертулерді мақұлдады

3 Қыркүйек, 2015 10:54
Еуразиялық экономикалық комиссиясының кезекті Коллегия отырысында сауда, кедендік ынтымақтастық, экономика мен қаржы саясаты, энергетика мен инфрақұрылым салаларындағы мәселелер қаралды.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, ЕЭК коллегиясы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) барлық кедендік аумағында пайдаланылатын бірыңғай әуетасымалдау барысындағы трансфер жүйесін жеңілдету бойынша өзгертулерді мақұлдады.

Осындай жүйені ұйымдастыру бойынша негізгі талаптар әуежайдың техникалық мүмкіндіктері, мемлекеттік органдардың және әуетасымалдаушылардың ақпараттық алмасуы.  Сонымен қатар, Коллегия шешімімен азаматтарға халықаралық әужайға ауысып отыру барысында өзінің жүгін трансфер ретінде рәсімдеуге мүмкіндік беріледі. Алайда жолаушының жүгінің ішінде кедендік декларация құрамына кіретін заттар болмауы тиіс. Осындай жағдайда жолаушыға жүгі бірден түйісу әуежайында берілетін болады.

Яғни жолаушы өз жүгін кедендік бақылаудан өткізу үшін алмайды, бірден түйісу рейсіне барады. Әуетасымалдаушылар осы шартты орындауға дайын болғанда бұл жеңілдіктерді бір айдын ішінде пайдалана алатын болады.

Барлық жаңалықтар