- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық әскери қызметшілер Бейжіңдегі парадта жетінші болып өтті (Фото)
Қазақстандық әскери қызметшілер Бейжіңдегі парадта жетінші болып өтті (Фото)
Қазақстаннан бұл ауқымды армиялық шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің құрмет қарауыл ротасы қатысты. Қытайдың бас алаңында 32 қорап адымдап өтті, оның ішінде 15-і парадты өткізіп отырған Қытай елінің әскерилері.
Ерекше дайындалған 76 қазақстандық әскери қызметшілерден тұратын қорап қытай маршының әуенімен Бейжіңнің бас алаңында шетел қораптары арасында жетінші болып өтті. Барлығы парадқа 17 елдің әскери қызметшілері қатысты. Олардың ішінде Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Пәкістан, Куба, Мексика, Сербия, Мысыр және тағы басқалары бар.
«Біз ҚР Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасы Қытайдағы парадта Қазақстанды көрсету мүмкіндігі берілгенін мақтаныш тұтамыз. Бұл іс-шарада біз қазақстандық армияның қуаты мен айбынын көрсетіп, елімізді жоғары деңгейде танытқанымызға сенімдіміз», - деді құрмет қараулы ротасының командирі капитан Мақсат Байжігітов.
Дайындық уақытында ҚХР халықтық қарулы полициясы Пекин командалық училищесінің аумағында 6 бірлескен жаттықтыру өткізді. Онда шет елдердің әскери қызметшілері орналастырылып, дайындықтан өткенін айта кеткен жөн. Құрмет қарауыл ротасына еліміздің Қарулы Күштерін көрсетуге машықтанған 22 мен 28 жас аралығындағы қазақстандық армияның үлгілі әскери қызметшілері іріктеліп алынғанын естеріңізге сала кетейік.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды