- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада елордалық тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мәселелері талқыланды
Астанада елордалық тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мәселелері талқыланды

Жыл сайын қалада тарихи және мәдени нысандардың, түрлі монументтердің саны артып келеді. Бүгінгі таңда елордада 46, соның ішінде екі республикалық маңызды тарихи және мәдени ескерткіш бар.
«Тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдалану көп жұмысты қажет етеді. Осы міндетті атқару үшін Қазіргі заманғы өнер мұражайының базасында «Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы» құрылды. Оған ғылыми жұмыстардан басқа барлық шаруашылық функциялар, соның ішінде қажет болған жағдайларда реставрация да жүктелді», – деді Болат Мажағұлов комиссия отырысында сөйлеген сөзінде.
Әрине, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында тарихи ескерткіштердің жағдайына ерекше назар аудару керек. Қазірден бастап шетелдік делегациялар мен туристер үшін экскурсиялар дайындап жатқан түрлі мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінен өтінімдер түсіп жатыр.
Көптеген тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандар ондаған жылдар бойы пайдаланылып келеді,олардың бәрі де аса құнды, өйткені бұл – Қазақстанның тарихы, сондай-ақ, еліміздің өсімі мен жетістіктерінің белгісі болып табылады.
Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия консультативтік-кеңестік орган болып табылады, оның құзыреттілігіне тарихи және мәдени нысандарды ескерткіштер деп тану, осы мәртебеден айыру, сонымен қатар оларды пайдалану, қорғау, есепке алу жатады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы

