• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық қамту: Павлодар облысында экологиялық тұрғыдан қауіпсіз сэндвич-панельдер өндірісі іске қосылды

Қазақстандық қамту: Павлодар облысында экологиялық тұрғыдан қауіпсіз сэндвич-панельдер өндірісі іске қосылды

3 Қыркүйек, 2015 10:04
Павлодар облысында «Павлодар қазандық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экологиялық тұрғыдан қауіпсіз сэндвич-панельдер шығаратын жаңа өндірістік желі іске қосылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Инвестиция көлемі 60 млн. теңгеден астам қаражатты құрады. Қосымша 15 жұмыс орны құрылды, жұмыскерлер саны - 120 адам.

Сэндвич-панельдер қазандықтар мен жылу тораптарын салуға, өнеркәсіптік кешендерді, өндірістік орынжайларды жаңғыртуға және тағы басқа жұмыстарда қолданылады.

Сэндвич-панельдер шығаратын желі іске қосылған соң құрылыс нысандары 100% қазақстандық қамтумен толықтай дайын көлемде тапсырылатын болады.

Айта кетсек, «Павлодар қазандық зауыты» ЖШС 1998 жылы құрылған. Кәсіпорын 15 жылдан астам еліміздің мұнай-газ компаниялары нысандарын өз өнімімен қамтып келеді.Зауыт шығаратын қазандықтар жылыту жүйесінде қолданылатын ыстық суды алуға, өнеркәсіптік және тұрмыстық ғимараттар мен орынжайларда ауа алмастыруға және оларды ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған.

 

Барлық жаңалықтар