• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мысыр Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтай сессиясына қатысатынын растады

Мысыр Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтай сессиясына қатысатынын растады

3 Қыркүйек, 2015 08:52
Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Берік Арын МАР Ауылшаруашылық және тың жерлерді игеру министрі Салахаддин Махмуд Хелялмен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Аталып өткендей, кездесу барысында ҚР Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтың биыл қазан айында Астана қаласында өтетін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АТҚИҰ) Бас ассамблеясының құрылтай сессиясына және Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылшаруашылығын дамыту жөніндегі ИЫҰ министрлерінің 7-ші конференциясына шақыруы табыс етілді. Мысыр министрі шақыруды ризашылықпен қабыл алып, аталмыш шараларға қатысатындығы жөнінде сенім білдірді.

Кездесу барысында тараптар ауылшаруашылық саласындағы Мысыр мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету жолдары төңірегінде пікір алмасты. Атап айтқанда, ауылшаруашылық өнімдерін өзара экспорт-импорттау,сондай-ақ тұқым өндіру, асыл тұқымды мал шаруашылығы мен ветеринария салаларында өзара тиімді байланыстар орнатуға жақсы мүмкіндіктер барлығы атап өтілді.

Қазақстанның әлемдік нарықта бидайдың басты экспортерінің бірі, ал Мысырдың оны ең үлкен импорттаушы екендігіне байланысты екі жақ қазақстандық бидайды мысыр нарығына экспорттауды қайта жаңғыртудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағытта бірлесіп жұмыс жүргізуге уағдаласты.

Сонымен қатар, Б. Арын МАР Мұнай министрі Шериф Исмаилге ҚР Энергетика министрі Владимир Школьниктің 2015 жылы қыркүйек соңында Астана қаласында өтетін «Энергетиканың жаңа көкжиегі: әріптестік пен инвестициялардың тың мүмкіндіктері» атты X KAZENERGY Еуразиялық Форумына шақыруын табыс етті.

Өзара сұхбат барысында Елші Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне дайындық барысы және Қазақстан аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) келісім негізінде Төмен байытылған уран банкінқұратындығы туралы ақпарат берді.

Аталмыш кездесулерде мысырлық министрлер еліміздің ішкі саяси өмірі мен экономикасында болып жатқан жаңалықтармен таныстырылып, ҚР Үкіметінің Жаңа экономикалық саясаты «Нұрлы жол бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың », Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында әлемдік дағдарыстың кері әсерлерінің зардаптарын еңсеру бағытында атқарып жатқан шаралары жайынан мағлұмат алды.

Барлық жаңалықтар