- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан ДСҰ-ға ену арқылы көптеген позициялар бойынша жақсы жүйеге қолжеткізді – сарапшы (ВИДЕО)
Қазақстан ДСҰ-ға ену арқылы көптеген позициялар бойынша жақсы жүйеге қолжеткізді – сарапшы (ВИДЕО)
«Қазақстан әлем нарығы және өзгеде экономикалар үшін барынша ашық. Біздің энергетикалық және шикізаттық құрылымымыз әлем нарығына өте жақсы интеграцияланған. Оларда өткізу нарығы бар және жеткізілім жүйесі бір жолға салынған. Олар барлық шарттар бойынша жұмыс істейді. Біз өзіміздің нарығымыз үшін бәсекеге түсуді үйренуіміз керек. Егер біз шикізаттық тәуелділіктен арылғымыз келсе әртараптану, қайта өңдеу саласын, жеңіл, тамақ өндірісін дамыту және жаңа технологияларды енгізуіміз керек. Бұл оңай шешілетін шаруа емес», - деді Д.Әшімбаев.
Оның айтуынша, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына ену арқылы көптеген позициялар бойынша жақсы жүйеге қолжеткізді.
«Мәселен, біз ЕАЭО аясында жұмысымызды бастағалы сол едік ресейлік рубль 20%-ға құнсызданды және барлығы қорғаныс шаралары керек деп шулай түсті. Ал, егер мәселе тек Ресей Федерациясына емес сонымен қатар басқаларға да байланысты болса не болар еді, біз әрқашан қорғаныс шараларына үміт арта алмаймыз. Еуразиялық нарыққа үйрене бергенде ДСҰ-ға де еніп кеттік. Біздегі шарттар көпшілікке түсініксіз. Менің есептеуімше, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына ену арқылы көптеген позициялар бойынша жақсы жүйеге қолжеткізді», - деп атап өтті ол.
Оның үстіне сарапшының пайымынша Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне қатысты барлық әлеуеттер мен тәуекелдер тең.
«Әлемдік экономика бізге келешектің жарқындығын ұсынып отыр. Әртараптандыру келешегі мен тұрақты даму болашағы қарастырылған. Қазақстан үшін барлық бағытта тұрақты жолдар ашылуда. Біз оларды қалай қолданатындығымызда болып отыр. Мәселен, мен мысал келтіретін болсам. Қазақстанның транзиттік әлеуеті туралы көп айталады. Алайда, бұл әлеует Ұлы Жібек жолы кезеңінен бері келе жатыр. Сондықтан ДСҰ-ға ену оның бір бөлшегі болып есептеледі. Ол жақсы немесе нашар әсер етуіне біздің өзіміз жауап береміз. ДСҰ-да өзінеің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Біздің оны қалай жүзеге асыруымыз Үкіметке, квазимемлекеттік секторға, бизнеске байланысты болмақ», - деді ол.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді