• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Қытай тауар айналымының көлемін 40 млрд долларға дейін жеткізуге мүдделі

Қазақстан мен Қытай тауар айналымының көлемін 40 млрд долларға дейін жеткізуге мүдделі

2 Қыркүйек, 2015 18:09
Қазақстан мен Қытай тауар айналым көлемін 40 млрд долларға дейін жеткізуге мүдделі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында ҚКП ОК жоғарғы партиялық мектебінде мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, ҚХР Қазақстанның тәуелсіздігін растаған алғашқы  елдердің бірі. 1992 жылы жаңа дипломатиялық қарым-қатынастардың жүзеге асуы арқылы біздің қарым-қатынасымыздың заманауи парағы ашылды. Бірлескен күштердің арқасында қазақстандық-қытайлық шекараның 1700  шақырымы достықтың, ынтымақтастық пен өзара байланыстың  белдеуіне айналды. Біздің арамызда өмірдің әрбір бағыты бойынша келісілмеген немесе шешілмеген ешбір мәселе жоқ», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы екі мемлекеттің қарым-қатынастары сапалық тұрғыдан өсе түскенін атап өтті.

 «Тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 337 миллион доллардан 22 миллиард долларға дейін өсті. Соңғы екі жылдың өзінде жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын екіжақты келісімшарттарға қол қойылды. Біз түрлі салаларда 250-ден аса үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерді бекіттік», – деді Қазақстан Президенті.

 

 

Барлық жаңалықтар