Ақмола облысында Ерейментау ауданының күні тойланды (ФОТО)

2 Қыркүйек, 2015 20:24
Ақмола облысының Ерементау ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ерейментау ауданының 50 жылдығына арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат жанындағы «Ақмола медиа орталығы».

Малтабар ауылына жақын жасалынған алаңда «Аудан күні» аясында мерекелік шара өткізілді. Шара ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінен басталды. Кейін негізгі мерекелік және мәдени-көңіл көтеру шарасы жалғасты.

« «Аудан күнін» тойлау бағдарламасы аясында көкпар, ат спорты, «Аламан» бәйге, «Тоқ» бәйге, «Құнан» бәйге өтті. Сондай-ақ, «қазақша күрес» те ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Барлық жеңімпаздарға құнды сыйлықтар мен дипломдар марапатталды.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде «Торғай» ЖШС «Ангуст» ІҚМ таныстырды. Ал, «Кеңөткел» ЖШС қазақтың ақбас сиырын паш етті.

Барлық жаңалықтар