- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа Еңбек кодексінің жобасы еңбек қатынастары барлық тараптарының мүдделер тепе-теңдігін қамтамасыз етеді - ДСӘДМ
Жаңа Еңбек кодексінің жобасы еңбек қатынастары барлық тараптарының мүдделер тепе-теңдігін қамтамасыз етеді - ДСӘДМ
Ол Еңбек кодексінің жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалғанын атап айтты (83 қадам).
Жаңа Еңбек кодексін дайындауға бизнес қауымдастықтардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, республикалық және салалық кәсіподақтардың, еңбек заңы саласы ғалымдарының, Халықаралық еңбек ұйымы өкілдерінің және Дүниежүзілік банктің мүдделерін қорғайтын сарапшылар қатысты. Жұмыс тобының 20-дан астам отырысы өткізілді.
«Жаңа Еңбек кодексінің тұжырымдамалық моделі тараптардың мүдделер тепе-теңдігін сақтай отырып, олардың жауапкершілігі мен рөлін айқындап, жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастарына мемлекет тарапынан араласуын шегін нақты анықтауды ұсынады.Мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақының ең төменгі деңгейдегі еңбек стандарттарын анықтап, жұмыс беруші тараптарының бұл міндеттемелерді орындауын қатаң бақылайтын болады», - деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.
«Жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастары көп жағдайда жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, жұмысшыны жұмыстан босату, жұмыс уақыты, еңбек шарттары мен оның төлемақысы салаларындағы өзара келісім жасау және ұжымдық шарттардың әлеуетін күшейте отырып, өзін-өзі реттеу қағидаларына сай жүзеге асырылатын болады», - деді ол.
Сонымен қатар, вице-министр Кодекс жобасында жұмыс берушілер үшін жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, қызметкерді жұмыстан босату, еңбек шарттары мен оның төлемақысын анықтау шараларының жеңілдетілгенін атап өтті.
Сондай-ақ, негізгі еңбек кепілдемелері мен қызметкерлердің құқықтары бекітіліп, оларды ұжымдық, жеке шарттар мен келісімдерді жасау және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдар арқылы ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы