- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Молдова екі елдің үкіметтері арасындағы адамдарды қабылдау туралы хаттамаға қол қойды
Қазақстан мен Молдова екі елдің үкіметтері арасындағы адамдарды қабылдау туралы хаттамаға қол қойды
Отырыс жұмысына ТМД елдерінің ішкі істер министрліктерінің, полицияларының басшылары, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аумағында Ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бойынша бюроның және ТМД Атқару комитетінің басшылық құрамы қатысты.
Отырыс барысында делегация басшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ІІМ (Полиция) ынтымақтасу және өзара іс-қимыл жасасу перспективасын, Достастық елдерінің жаңа қауіп-қатерлерге және қауіпсіздікке қатер төндіруге қарсы іс-қимылды, қылмысқа қарсы мемлекетаралық бағдарламалардың іске асырылу барысын талқылады.
Ақпараттық технология саласындағы қылмыстарға қарсы күресте ТМД-ға қатысушы елдердің ынтымақтастығы туралы келісімі және осы қылмыстарға қарсы ТМД елдерінің ынтымақтастық бағдарламасының жобасы мақұлданды. ҰҚҚКҮБ мамандандырылған мәліметтер базасының жұмыс істеу тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілді.
Сонымен қатар делегация басшылары автокөлік құралдарының ұрлануы, жаңа психикалық белсенді және психотропты заттардың, есірткінің, сонымен қатар осыған ұқсас қауіпті химиялық заттардың айналымға түсу проблемаларын талқылады.
2 қыркүйекте Достастық елдерінің ІІМ (Полиция) делегация басшыларын Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Андрей Кобяков қабылдады, ол өз сөзінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрліктерінің Тәуелсіз мемлекеттер достастығы кеңістігінде қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігін атап өтті.
Сонымен қатар, Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Молдова Республикасы Үкіметінің арасында бірқатар миссиялар мен оны іске асыру Хаттамасы туралы Келісімге қол қойылды.
Бұл Келісім Қазақстан мен Молдова арасындағы ынтымақтастық үшін - ұлттық заңнаманың талаптарын бұза отырып, аумақта болған адамдарды қабылдау мен транзиттеуге, сондай-ақ ынтымақтастық тетігін құруға және заңсыз көші-қонға қарсы тиімді күрес жүргізу үшін құқықтық негіз болады.
ІІМД-нің кезекті отырысын 2016 жылы Минск қаласында өткізу жоспарланған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы