• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ҚК-нен алғашқы әскери бақылаушы Батыс Сахарасынан Қазақстанға оралды (Фото)

ҚР ҚК-нен алғашқы әскери бақылаушы Батыс Сахарасынан Қазақстанға оралды (Фото)

2 Қыркүйек, 2015 20:57
Батыс Сахарасына БҰҰ-ның миссиясына алғашқы болып аттанған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицері капитан Темірлан Мүсәпіров Қазақстанға оралды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Ол әскери бақылаушының міндеттерін орындай отырып, 30-дан астам елдің өкілдерімен қатар африкалық елде тура бір жыл қызмет етті.

«Батыс Сахарасында әскери бақылаушылар ретінде әртүрлі адамдар жиналған. Онда әскери атағың, жасың, ұлтың маңызды емес екенін түсінесің, бейтараптылықты сақтап, сенің жүріс-тұрысың бойынша күллі ел туралы жазғыратынын есте сақтағанын жөн. Бұл өте жауапты», - дейді офицер.

 Қазір капитан Мүсәпіров «ҚАЗБАТ» 2-ші қазақстандық бітімгершілік батальонында өзінің қызметіне кірісіп те кетті. Оның айтуынша, отбасың мен туған-туысқандарыңнан шалғайда өзге елде қызмет ету күрделі болғанына қарамастан, қажет болған жағдайда ол тағы да  миссияға аттануға әзір.

Әскери бақылаушы ретінде БҰҰ-ның миссияларына қатысу әскери қызметшілерден ағылшын тілін, БҰҰ-ның басшылық құжаттарын, автомобильді және арнайы техниканы жүргізу дағдысын жоғары деңгейде білуді, сондай-ақ Біріккен ұлттар ұйымының курстарында арнайы дайындықтан сәтті өтуді қажет етеді.

Бүгінгі күні Батыс Сахарасындағы (MINURSO) және Кот-д’Ивуардағы (UNOCI) екі миссияда Қазақстан Қарулы Күштерінің алты офицері қызмет өткеруде. Жалпы алғанда, Қазақстан Батыс Сахарасы, Кот-д’Ивуар, Гаити мен Либериядағы БҰҰ-ның әрбір миссиясына бес офицерді жолдауға дайын.  

 

Барлық жаңалықтар