- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Ыдырысов Тынық мұхиты аралдарын ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды
Е. Ыдырысов Тынық мұхиты аралдарын ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды

Е. Ыдырысов өз сөзінде атап өткендей, «бірінші көзқарасқа таңқаларлықтай болғанымен, Қазақстан мен Тынық мұхиты арал мемлекеттерін әлемдік даму орталықтарынан алшақтық секілді ортақ сындар жақындатады. Қазақстан қаншалықты құрлықпен қоршалған болса, аралдық дамушы елдер соншалықты мұхитпен қоршалғандығы экономикалық дамудың қарқынын шектейді».
Қазақстандық министр Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелікке кандидатурасын ұсына келе «біз екі онжылдықтан сәл асатын тәуелсіздік жылдарымыз ішінде қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұтамыз, бірақ біз одан әрі дамуға, әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілікке одан да зор үлес қосуға ұмтылуда», деп атап өтті. Қазақстанның табысы орта деңгейден жоғары мемлекет ретінде даму тәжірибесі арал мемлекеттерімен белсенді қолданыла алады деді Е. Ыдырысов.
Қазақстан сыртқы саяси ведомство басшысы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы мен ЭСКАТО-мен бірлесе жасап шығарылған және «РИО+20» тұрақты даму жөніндегі БҰҰ конференциясында қолдау тапқан «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырғандай, біздің еліміздің табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен «жасыл» экономикаға көшуіне назар аудартты.
Министр энергоресурстарды тұрақты жеткізіп отыру одан әрі маңызды бола түседі, осыған байланысты Қазақстан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің тақырыбы ретінде «Болашақ энергиясын» таңдағанын атап өтті. Ол Океания елдерін Астанада өтетін көрмені өтізуге және альтернативті энергия көздерін дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды.
Форумда орын алған пікірталастар арал мемлекеттерінің Қазақстанның инновациялық технологияларды дамытудағы және осы саладағы тәжірибе алмасу, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға да қатысты бастамаларына айтарлықтай қызығушылықтарын байқатты.
Форум шеңберінде қазақстандық СІМ басшысы Науру Президенті Барон Вакамен, Микронезия Вице-Президенті Йосиво Паликкун Джорджбен, Вануату ауылшаруашылық, балық және орман шаруашылығы Министрі Кристоф Эмелимен, сонымен қатар PIDFБас хатшысы Амена Яуволимен екіжақты ресми кездесулер өткізді.
Науру Президентімен өткен кездесуде саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сонымен қатар өзекті халықаралық мәселелер бойынша халықаралық аренада өзара ықпалдасу жолдары талқыға салынды.
Е. Ыдырысов Б. Вакаға Қазақстанның халықаралық бастамаларын таныстырып, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелікке кандидатурасын ұсынғанын хабарлады. Сыртқы саяси ведомство басшысы Қазақстанның кандидатурасы әділ және тең географиялық ротация мен Азия-Тынық мұхит тобы мүше мемлекеттерінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде тиісті өкілетті болуы қағидаларына сәйкес ұсынылғанын атап өтті.
Науру басшылығы мен компаниялары Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырылды. «ЭКСПО-2017» «ноу-хау» ұсынылатын, альтернативті және қайта жанданатын энергия саласында алдыңғы қатарлы және болашағы зор жобалар ұсынылатын алаңға айналатын болады», – деп айтып өтті министр.
Йосиво Паликкун Джорджбен өткен кездесуде Қазақстан мен Микронезия арасында тығыз сауда-экономикалық және саяси әріптестік жолдарын дамыту мәселелері қарастырылды. Тараптар тұрақты түрде консультациялар, түрлі көпжақты құрылымдар аясында өзара ықпалдастықты үйлестіру арқылы жемісті ынтымақтастықты жетілдіруге қызығушылықтарын танытты.
Кристоф Эмелимен өткізілген келіссөздер барысында екіжақты тиімді қарым-қатынасты дамыту болашағына байланысты пікір алмасулар орын алды. «Қазақстан мен Вануату арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына көп уақыт өтпегенін ескере отырып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен халықаралық құрылымдар шеңберінде өзара ықпалдастықты нығайтудың позитивті трендін құруға ниеттіміз», – деп атап өтті Е. Ыдырысов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда

