- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» аясында ҚДБ Чехияға қазақстандық фосфордың экспорттық жеткізімдерін қаржыландырды
«Нұрлы жол» аясында ҚДБ Чехияға қазақстандық фосфордың экспорттық жеткізімдерін қаржыландырды

Құны 3 млрд теңге мәміле «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты шеңберінде қазақстандық экспортшыларды қолдау мақсатында қаржыландырылады. Қаржыландыру шарттары ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 23 сәуіріндегі №271 Қаулысымен бекітілген.
Жеңілдікті қарыз қаражаты энергия қорлары мен шикізат сатып алуға, сары фосфорды одан әрі өндіруге және экспорттауға жұмсалады. Осы экспорттық операция шеңберіндегі синтетикалық жуу құралдарын, тағамдық фосфат және фосфат қоспаларын өндіруде маманданатын «Fosfa a.s.» ірі чех компаниясымен контракт бекітілген.
«Таяудағы бес жыл ішінде біздің кәсіпорын негізгі фосфорлық шикізат түрлерінің экспортын шамамен үштен бір бөлікке арттыруды және қызыл және бес күкіртті фосфор шығарылымын жөнге салуды жоспарлайды. Ол шығарылатын өнім түрлерін жоғары қосылма құнмен арттыру мүмкіндігін береді. Мемлекет пен «Бәйтерек» холдингі тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдау ҚДБ желісі арқылы қолжетімді қаржыландыруды ұзақ мерзімге алу мүмкіндігін береді, ол өз кезегінде өткізу нарықтарын кеңейтуге және Қазақстанның химия саласындағы кәсіпорындарды дамыту жөніндегі басым мәселелерді шешуге себептеседі», - деді «Казфосфат» ЖШС басқармасының төрағасы Мақсұтбек Есенов.
Айта кетейік, ҚР Ұлттық қорынан, «Бәйтерек» Холдингіне ҚДБ желісі арқылы өңдеу өнеркәсібінде шығарылатын қазақстандық тауарлар экспортын қолдауға 2015 жылы 35 млрд теңге бөлінді. Көзделген қаражат шеңберінде ағымдағы жылдың 27 тамызындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 31,2 млрд теңгені құрайтын барлығы 6 жоба қаржыландырылды.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
-
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады
-
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр
-
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді
-
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді

