- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Жамбыл облысында 2,5 млрд теңгеге құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салынуда
ИИДМБ: Жамбыл облысында 2,5 млрд теңгеге құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салынуда
Аталып өткендей, «Жамбылгипс» АҚ құрғақ құрылыс қоспалары мен гипс өнімдерін өндіретін жаңа зауыттың құрылысы бойынша жобасы «Қазақстанның Индустрияландыру картасы» аясында жүзеге асырылуда. Жоба құны 2,5 млрд теңгеден асып жығылады.
Естеріңізге сал кетейік, ескі зауыт 1960 жылы салынған. Оның шикізат базасы Шығыс және Батыс учаскелер Ұлкен-Бұрылтау кенорны болды, оның табиғи гипс қоры 50 млн тоннадан асады. Ескі кешендерде өндірістік процес күнібүгінге дейін тоқтамаған. Жақында ғана зауыттың аумағында микрокальцит-мәрмәр ұнтағын өндіру бойынша көпқабатты жаңа цех іске қосылды. Бұдан басқа, өзгеде нысан үшін іргетас қалануда.
«Бүгінгі таңда нысан жартылай салынып қойды. Құрал-жабдықты Еуропада сатып алдық, енді оларды күтудеміз. Жаңа зауыт 4 цехтан тұратын болады. Олар іске қосылғаннан кейін жылына 170 мың тонна құрылыс гипсін, 100 мың тоннаға жуық құрғақ құрылыс қоспаларын, 60 мың тонна микрокальцит және 60 мың шаршы метр перлит өндіру көзделуде», -деді «Жамбылгипс» АҚ вице-президенті Болат Таласбаев.
Б. Таласбаевтың айтуынша, жаңа цехтарды іске қосу арқылы кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы 5 есе артады. Толығымен автоматтандырылған өндіріс жоғары экологиялық талаптарға сай келеді. Оның үстіне еуропалық құралдарды пайдалану өнімнің бағасы бүгінгі құнынан айтарлықтай арзан болады.
Кәсіпорын басшылығы жаңа өндірісті бір жылдан кейін іске қоспақшы. Жобаны қаржыландыру жалғыз акционерлік қоғамның қаржысы есебінен ғана жүргізіліп жатқан жоқ. Оны жүзеге асыру аясында «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша 300 млн теңге және Ұлттық қордан 600 млн теңге тартылды.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері